Құстар

Құстар жылықанды омыртқалы жануарлардың iшiндегi жоғары сатыдағы дамығандардың бiрi. Денесi қауырсынмен жабылып, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Құстар юра дәуірінде , өрмелеп өмір сүретін рептилиялардан пайда болған. Жалпы құстардың ұшуы оның денесiне көптеген өзгерiстер тудырады. Дүние жүзiнде құстардың 8500 түрi тiршiлiк етедi. Және оның арасында ұшу қабілеті жоқ құстар да кездеседі.

Құстардың эволюциялық даму сатысы 4 кезеңге бөлінеді: алғашқы құстар – археоптерикс; тісті құстар; қырсыз жалпақ төстілер – түйеқұстар, киви, пингвиндер; және қырлы төсті құстар.

Құстардың 18 отрядының өкілдері - Дереккөз: Википедия сайты

Кластың пайда болуы келесі ароморфоздармен (қоршаған орта әсерінен тірі организмдердің құрылымдық және қызметтік жағынан күрделеніп, жоғары сатыға көтерілуі) сипатталады:

  1. Жақсы жетілген жүйке жүйесі (үлкен жарты шарлар қыртысының дамуы, мишық, жылу реттелу орталығының пайда болуы).
  2. Төрткамералы жүректің пайда болуы. Қан айналмалы шеңберлерінің екіге бөлінуі.
  3. Борпылдақ өкпелердің пайда болуы.
  4. Жүрек, қан тамырлар, тыныс алу және жүйке жүйесінің жақсы даму нәтижесі ретінде дем жылуының пайда болуы.
  • Есіңде сақта!
    Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар (жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі бар (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп бөлінеді.
Дереккөз: infourok.ru сайты

Құстардың денесі бас, мойын, тұлға, құйырық бөлімдерге бөлінген. Алдында — қанаттары, артқы жағында аяқтары орналасады. Тұмсығы үстіңгі және астыңғы бөлімінен тұрады. Аяқтары төрт саусақты.

Жабыны: Құстардың терісі жұқа, әрі құрғақ бездері өте аз. Денесі сыртынан қауырсындарымен қапталған. Қауырсынның құрылысы: қаламша, мүйіздегі өзегі — сояуы, оның екі бүйіріндегі түзілісте — желпеуіштер болады.  Құйымшақ безі майлы сұйықтықты бөледі, онымен құстар қанаттарын майлайды.

Қаңқасы: Құстардың қаңқасы жеңіл әрі берік болады. Қаңқа бас сүйектен, омыртқадан, алдыңғы және артқы белбеулерден, қол-аяқ сүйектерден тұрады. Бас сүйегіне көз, жоғары, төменгі жақтары (тұмсықтың негізі) жатады. Омыртқа бас бөлімнен тұрады: мойын (11 қозғалмалы біріккен омыртқалар), көкірек қуысы, бел, сегізкөз және құйымшақ бөлімдерінен тұрады, олар қозғалыссыз орналасқан. Көкірек қуысы көлемді , оны жалпақ төс сүйегі , бас жұп қабырғалар және арқа омыртқалары құрайды. Олар бірігіп берік байланысқан. Құстардың төс сүйегінің алдыңғы жағында қыры (киль) болады. Алдыңғы белдеуі жұп сүйектерден құралған: жауырын, бұғана және аша сүйектері. Бұғана аша сүйегін (вилочка) құрайды. Құстардың қанаттарының құрылысы: иық сүйегі, шынтақ, шыбық сүйектері, қанаттың үш саусақты бастамасы болады. Артқы белдеудің сүйектері — екі жамбас сүйегі, омыртқа жотасының бел және сегізкөз бөлімдері, алғашқы құйымшақ омыртқалары. Аяқтарындағы тілерсек, табан сүйектері бірігіп , жіліншек сүйегіне айналған.

Бұлшық еттері: Құстардың бұлшық еттері жақсы жетілген , әсіресе төс сүйегіндегі кеуде, бұғана асты бұлшық еттері өте жақсы дамыған. Олар қанаттарды төмен түсіруге көтеруге бейімделген. Мойын, қабырға аралық сан бұлшық еттері де жақсы жетілген.

Дереккөз: infourok.ru сайты
Дереккөз: infourok.ru сайты

Асқорыту жүйесі: Мүйізді тақташаларымен қапталған жақтары құстардың тұмсығын құрайды, ол тағамды ұстауға шайнауға бейімделген. Асқорыту жүйесі ауыз қуысы (тілмен бірге) , жұтқыншақ, өңеш, жемсау, асқазан (безді және бұлшық етті), ішек (бауыр, қарын асты без) артқы ішек, клоакадан тұрады.

Тыныс алу жүйесі: Құстардың тыныс алу жүйесіне мұрын қуысы, кеңірдек (дауыс аппараты), екі өкпе (борпылдақ) және ауа қапшықтары жатады. Қосарлы тыныс алу құбылысы байқалады , яғни құстар қанаттарын көтерген кезде өкпедегі ауа қапшықтарға өтеді, қанаттары төмен түскен кезде қапшықтарындағы ауа қайтадан өкпеге түседі.

Қан айналу жүйесі: Жүрек төрткамералы — екі жүрекшеден және екі қарыншадан тұрады. Сол жағында артериялды қаны , оң жағында веноздық қан болады. Екі қан айналым шеңбері болады, олар бір-бірінен айырым болады, сондықтан қан араласпайды. Үлкен қан айналу жүйесі сол қарыншадан басталып, оң жүрекшеде аяқталады. Кіші қан айналу жүйесі (өкпелік) оң қарыншада басталып, сол жүрекшеде аяқталады. Үлкен қан айналу шеңбердің тамырлары: қолқа (оң доғасы), артерия, капиллярлар. Кіші қан айналу шеңберінің тамырлары : өкпе артериясы, капиллярлар , өкпе венасы.

Дереккөз: infourok.ru сайты

 

 

Жүйке жүйесі: Бас ми және жұлыннан тұрады, олардан жүйкелер таралады. Бас мидың үлкен жарты шарлары және мишық жақсы дамыған. Шартты рефлекстері жақсы дамыған.

Шығару жүйесі: Құстардың шығару жүйесіне бүйрек (2), ағар түтіктері (2), клоака жатады. Қуығы болмайды. Несеп жоғары концетриалды, себебі зат алмасу тез жүреді.

Сезім мүшелері: Көздерінің көру қабілеті жоғары да кең болады. Есту мүшесі ішкі құлақ (есту ұлуы және тепе-теңдік мүшесі) және ортаңғы құлақтан (бір есту сүйекшесі) тұрады. Есту қабілеті жоғары. Иіс сезу қабілеті әлсіз.

Көбеюі: Құстар дара жынысты. Мекиендердің тек қана бір жұмыртқа қап және жұмыртқа жолы болады. Еркектерінде жұп бұршақ тәрізді ұрық қаптары, ұзын жолдары және ұрық көпіршігі клоакада орналасқан. Құстар іштей ұрықтанып, тек ұрықтаған жұмыртқа арқылы дамиды. Сыртқы жыныс мүшелері болмайды: сперматозоидтар ұрық жолдарында жұмыртқа жасушаны ұрықтандырады. Содан кейін ол ұлғайып өседі, сыртқы қабықпен (сары, ақуыз, екі қабықасты және әкті қабықша болады) қапталады да жұмыртқа түрінде клоакадан шығады.

Дамуы: Даму тек жұмыртқаны жылытқанда ғана басталады (жұмыртқа салу). Даму барысында қанатты жабын , тұмсық пайда бола бастайды, ал құйрығы жойылып кетеді. Тұмсығымен құс жұмыртқа қабын теседі де алғашқы рет өкпемен тыныс ала бастайды. Балапанның дыбыс жығаруы — өкпе тыныс алудың бастамасы. Даму типі  балапандық (ұялы).

Дереккөз: infourok.ru сайты

Қолданған деректер:

  1. Оқушылардың қысқаша анықтамалығы. 5-11 сынып. Алматы. Алматыкітап баспасы, 2011.
  2. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007.
  3. uniface.kz сайты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Scroll Up