Архимед заңы

Cұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әсер етеді. Бұл күшті Архимед күші деп атайды. 

  • Бұл қызықты !
    Аңызда айтылғандай, Сиракуз патшасы Гиерон Архимедке зергер жасаған тәждің таза алтыннан немесе алтын мен күмістің қоспасынан жасалғанын анықтауды тапсырды. Бұл есепті шеше алмай Архимед көп күн ойланды. Бір күні толтырылған ваннаға түскен кезде кеннеттен ойына есептің шешуі кеді дейді. Өзінің ашқан жаңалығына шаттанып қуанған ол "Эврика!" (Таптым!) деп Сиракуз көшелерінің бойымен айғайлап жүгірген екен.
Архимед заңының формуласы

Бұл жерде тығыздық ретінде сұйықтықтың тығыздығы, ал көлем ретінде дененің параметрі алынады. Сондықтан Архимед кұші сұйықтыққа батырылған дененің тығыздығына тәуелді емес. 

  • Есіңде сақта!
    Архимед күшін тұжырымдауда "Салмақ" терминін қолданылды. Салмақ дегеніміз - дененің тірекке әрекет ететін күші. Тірек жерге қатысты қозғалмайтын болса онда дене салмағы өз мәні жағынан ауырлық күшіне тең болады.

Дереккөз : Физика және астрономия. Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева. 2007 жыл

Scroll Up