Ас қорыту мүшелерінің құрылымы

  • Есіңде сақта!
    Ас қорыту – организм сыртқы ортадан қабылдаған күрделі қоректік қосылыстардың ағзаға жеңіл сіңетін қарапайым қосылыстарға айналуын қамтамасыз ететін физиологиялық үдеріс .

Асқорыту мүшелерінің іші қуыс, түтікке ұксас болып келеді ; қабырғалары негізінен үш қабаттан тұрады:

  • Сыртқы қабаты — дәнекер ұлпадан тұратын сірқабат ;
  • Ортаңғы —  бұлшықетқабаты ;
  • Ішкі қабаты — эпителий ұлпасынан түзілген.

Ас қорыту мүшелері

Ас қорыту мүшелері  :

  • ауыз қуысы ;
  • жұтқыншақ ;
  • өңеш ;
  • қарын ;
  • ас ішек ;
  • тоқ ішек .
Адамның асқорту жүйесінің сызбасы

Ауыз қуысы

Ауыз қуысы — ас корыту жүйесіндегі  бас бөлімінің алдыңғы бөлігіне жатады .

Ауыз куысында тағам механикалық өңдеуден өтеді:

  • ол шайналынады
  • көлемі кішірейіп , ұсақталады
  • сілекеймен араласып жұмсарады, жұтылады .

 

 Сілекей құрамындағы ферменттердің әсерінен тағам құрамындағы крахмал қорытыла бастайды .

Жұтқыншақ

Жұтқыншақ –мұрын мен ауыз қуысын, өңеш пен көмейді байланыстырушы мүше .

Ауыз қуысында жұтылған ас  жұтқыншаққа, кейін өңешке өтеді. Оның ұзындығы 12 – 14см, ені 5 см.

Қабырғасы шырышты, негізгі, бұлшықетті, дәнекер тінді қабықтардан түзілген.

Жұтқыншақтың мұрындық, ауыздық және көмейлік бөліктері болады. Жұту кезінде Жұтқыншақтың мұрындық бөлігі жұмсақ таңдай арқылы ауыздық бөліктен бөлінеді, көмей қақпашығы көмейді жабады да, ас жентегі мұрын мен көмейге өтпей өңешке бағытталады.

Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт-қызыл түсті 6 бадамшабездер (миндалина) орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады. Бадамшалардың іші лейкоциттерге толы болады.

Өңеш

Өңеш — адамның ас қорыту жүйесінің ауыз қуысы мен жұтқыншақты асқазанмен жалғастыратын бөлімі.

 Өңеш адамда түтік тәрізді, ұзындығы 25 см-дей, диаметрі созылғанда 16 – 22 мм , қалыңдығы 3,5 – 5,6 мм.

Оның қабырғасын:

  • ішкі – кілегейлі,
  • ортаңғы – етті,
  • сыртқы – көкірек 
  • құрсақ бөліктерін сірлі қабық,
  • мойын бөлігін қан тамырының сыртқы дәнекер қабығы құрайды.

 Тағам Өңеш бойымен ет қабатының жиырылуынан және тағамның өз салмағынан төмен қарай жылжиды.

Қарын/Асқазан

Қарын(Асқазан)- тағам  қорыту жүйесінің қапшық  ұқсас  кең болып келетін қуысты ағзасы. Бөлімдерінің санына қарай қарын — бірбөлімді және көпбөлімді қарындар болып бөлінеді. Бірбөлімді қарын өз кезегінде: безсіз қарын, безді қарын және безді-безсіз немесе аралас қарын болып үш түрге бөлінеді.
 

Ол өңеш пен ұлтабардың арасын жалғап тұрады . Қарынның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы сілемейлі қабықшасы оның көлемін үлкейтеді. Қарынның қабырғасындағы бірыңғайсалалы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналасқан. ішкі қабаты — қиғаш, ортаңғысы — сақина төрізді, ал сыртқысы — ұзыннан орналасқан. Қарынның катпарланған сілемейлі (шырышты) қабықшасында өте көп ұсақ бездер бар. Бұл бездерден карын сөлі бөлінеді.

Ас ішек / Ащы ішек

Ас ішек/ащы ішек — ас қорыту жүйесіндегі асқорыту процесі қарқынды, жүрек және корытылған қоректік заттардың ішек қабырғасындағы қан және лимфа тамырларына белсенді сорылып сіңірілетін асқорыту жүйесінің ортаңғы бөлігінің түтікше мүшесі.

 Ол өз кезегінде құрылысы мен организмдегі орналасу орындарына байланысты үш бөліктен : он екі елі ішек, аш ішек және мықын ішек.

Ащы ішектің қабырғасы үш қабықтан: сыртқы — сірлі, ортаңғы — етті, ішкі — кілегейлі қабықтардан құралған.

Кілегейлі қабығының ішкі бетінде сору қызметін атқаратын бүрлер және ішектің ішкі бетін астарлайтын бірқабатты призма тәрізді эпителий жасушаларының апикальды жиектерінде, ішектің сору ауданын 30 еседей ұлғайтатын микробүрлер болады.

 Он екі елі ішектің куысына бауырдың ет өзегімен — өт, ұйқы безі өзегімен ас қорыту ферменттеріне бай — ұйқы безінің сөлі келіп құйылады.

Тоқ ішек

Тоқ ішек- асқорыту жүйесінің соңғы бөлімінің ортаңғы бөлігі. Оның қабырғасы ішкі — кілегейлі, ортаңғы — етті және сыртқы —сірлі қабықтардан тұрады. Оның кілегейлі қабығында ішек бүрлері болмайды. Ол бірқабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. Тоқ ішекте қорытылған қоректік заттар толығымен сіңіріліп, қорытылмаған азық қалдықтары нәжіс түрінде сыртқа шығарылады.

Scroll Up