Бойль-Мариот заңы

Тұрақты температура кезінде газ қысымының оның көлеміне тәуелділігін анықтайтын газ заңы Бойль – Мариотт заңы деп аталады. Бойль-Мариотт заңы изотермалық процессті сипаттайды. 

Газ заңының теңдеуін тәжірибе жүзінде 1662 жылы ағылшын физигі  Роберт Бойль және

оған тәуелсіз 1676 жылы француз физигі Эдмон Мариотт ашты.

  • Есіңде сақта!
    Изотермалық процесс –  тұрақты температурада термодинамикалық жүйе күйінің
    өзгеруі.

Бойль-Мориотт заңы Клайперон теңдеуіндегі T=const жағдайында орындалады:

Немесе:

  • Есіңде сақта !
    Температураның тұрақты мәнінде берілген газ қысымы мен көлемінің көбейтіндісі тұрақты шама болып қалады.

Жоғарыдағы теңдеуден идеал газ қысымы оның көлеміне кері пропорционал екенін көреміз. Мұндай тәуелділіктің графигі гипербола болады, оны изотерма деп атайды.

Әртүрлі температурадғы изотермалық процесс графигі

Дереккөз : Физика 10 сынып оқулығы. Н.А. Закирова/Р. Р. Аширов,  2019 жыл

Scroll Up