Даражарнақтылар классы

  • Даражарнақтылар дегеніміз не ?
  • Даражарнақтылар мен қосжарнақтылардың айырмашылығы ?
  • Даражарнақтылардың класс тармақтары ?
Дара жарнақтылар – гүлді өсімдіктердің класстарының  бірі.

Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан айырмашылығы :

  • жеміс ұрығындағы тұқым жарнағы біреу ғана болады 
  • гүлі – жай гүл серікті
  • тостағанша жапырақшалары болмайды
  • шашақ гүлшоғырына топталады
  • ірі гүлі жеке-жеке орналасқан

:

1-ші тізбек - қосжарнақтылар; 2-ші тізбек - даражарнақтылар .

Жалпы даражарнақтылар тұқымының құрылысы  :

  • Есіңде сақта!
    Негізгі бөлігі қоңыржай белдеулер мен шабындықтарда өсетін шөптесін өсімдіктер , ал тропиктік және субтропиктік аймақтарда ағаш сындылары кеңінен таралған .

 Дара жарнақтылардың 3 класс тармағы (алисмалар, лалагүлділер, арецидалар), 80-дей тұқымдасқа, 2600-дей туысқа және 60 мыңдай түрі бар . Бұлар жалпы барлық гүлді өсімдіктердің төрттен бірін (25%)  құрайды.

  • Алисмалар– суда және батпақта өсетін , ылғалсүйгіш шөптесін өсімдіктер (сукөрік, кербезгүл, т.б.). Гинецейі (аналықтар жиынтығы) тұтаспаған . Тұқымы эндоспермсіз (ұрықтың қоректенуіне қажетті ұлпа).
Алисмалар
  • Лалагүлділер – жуашықты және тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдіктер (қызғалдақ, құртқашаштар, қияқөлең, орхидея, т.б.). Гинецейі – ценокарпты .
Лалагүлділер
  • Арецидалар – шөптесін немесе ағаштәрізді өсімдіктер (пальма, аронниктер, т.б.). Гүлі дара жынысты, шашақ гүлшоғырына топталған. Гинецейі – түйіні көп ұялы. Тұқымы – эндоспермді.
Арецидалар

Дара жарнақтылардың көпшілік түрінің (бидай, қарабидай, күріш, қант қамысы,  қызғалдақ, лалагүл, т.б.) шаруашылық маңызы өте зор. Дара жарнақтылар Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.

Scroll Up