Тұқым

  • Есіңде сақта!
    Тұқым - тозаңдану мен ұрықтанудан кейін гүлден пайда болған гүлді өсімдіктердің таралуының ең маңызды органы болып табылады.

Тұқым гүлді өсімдіктерде жемістің ішінде болатын, ал жалаңаш тұқымдылардың мегаспорофиллде орналасқан түйінде тұқым ұрығынан, (тұқым бүршігінен) дамиды. Кейде ұрықтанусыз дамиды, (апомиксис). Типтік тұқым 1-2 интегументтен түзілген жабыннан,(қауыз), ұрықтан және эндоспермадан және, (немесе) периспермадан тұрады. Тұқымда кейде бірнеше ұрықтар түзіледі, полиэмбриония, (жалаңаш тұқымдарда, орхидті, күрделі гүлділерде, лалагүлділерде жиі болады).

Қалыптасқан ұрықта ұрық қапшығы, тамыр мойыны, тұқымжарнақтары, (немесе тұқым жарнағы), бүршігі болады.

Өсімдіктің типі тұқымжарнағы арқылы ажыратылады (26-сурет). Даражарнақты өсімдіктердің тұқымында тек бір тұқымжар- нағы болады. Сәйкесінше, қосжарнақты өсімдіктердің тұқымында екі тұқымжарнағы бар. Әрине, ұсақ тұқымдардың тұқымжарнағының санын ажырату қиын, бірақ қосжарнақтылардың ірі тұқымдары екі жарты бөлікке – тұқымжарнағына оңай бөлінеді. Оларға: бұршақ, үрмебұршақ, жержаңғақ, грек жаңғағы, орман жаңғағы, пісте; асқабақ, қарбыз және т.б. тұқымдар жатады. Осы өсімдіктердің барлығы қосжарнақты өсімдіктерге жатады.

Даражарнақтылар класына күріш, жүгері, арпа, сұлы, бидай, қарабидай және т.б. дәнді дақылдар жатады. Олардың тұқымдары екі тұқымжарнағына бөлінбейді. Бұл класқа дәнді дақылдардан басқа лалагүлділер тұқымдасының өсімдіктері де жатады: лалагүл, қызғалдақ, інжугүл, бәйшешек, құртқашаш, пияз, сарымсақ, қасқыржем және т.б.

Тұқымдардың маңыздылығы

Өсімдіктер әлемінде тұқымдардың рөлі зор. Тұқымдардың маңызды функциялары:

1. тұқымдар ұрықтардың дамуын, пісуін және қорғалуын қамтамасыз етеді;
2. өсімдіктерді қоныстандыруға қатысады;
3. тұқымдар планетамыздың бүкіл жануарлар әлеміне құнды (жоғары калориялы) тағам өнімі ретінде қызмет етеді. Адам ұрықтар мен тұқымдарды кеңінен қолданады: тамақ, мал, дәрі-дәрмек және өнеркәсіп.​

Ашық тұқымдар

Бұршақ дәні кебеді, бұйраланады және тұқымдарды лақтырады

Жабық тұқымдар

Күнбағыс тұқымдары өздері ашылмайды

Scroll Up