Газдардағы итеріп шығарушы күш. Аэронавтика (воздухоплавание)

Адам баласы ежелден-ақ суда ғана емес, ауа мұхитында да жүзіге арналған құралдарды жасауды көздеген. Осы мақсатпен ұшу апараттары — ауа шарлары, аэростаттар, дирижабльдер — құрастырылып жасала бастады. Ауа шары қабықтан немесе баллоннан, аспалы жүйеден және адам отыратын орыннан тұрады. 

  • Бұл қызықты !
    Ауа шары алғаш рет осыдан 200 жыл бұрын Францияның Аноне деген кішкентай қалашығында ұшырылған. Ағайынды Монгольфьелер бұл ауа шарымен қой, әтеш және үйрек ұшырылды. Алғашқы аспан кезушілер Жерге ойдағыдай оралған болатын.

Алғашқы ауа шарлары бізді қоршаған орта тығыздығынан жеңілірек жылытылған ауамен толтырылатын. Кейінірек шарлар сутегі немесе гелий сияқты жеңіл газдармен толтырала басталды. Жеңіл газбен толтырылған мұндай ауа шарларымен тіпті статосфераға көтерілуге болатын. 

Ауада қалқып жүрген шарға ығыстырылған ауаның салмағына тең Архимет күші әрекет етеді. Шарға әрекет ететін ауырлық күші тек төмен бағытылған. Осы күштердін айырмынан көтеруші күш пайда болады:

  • Бұл қызықты !
    Ауа шарының ұшу биіктігін реттеу мақсатында аспан кезушілер әртүрлі тәсілдер қолданған. Мысалы, жоғары көтерілу үшін шар арнайы салынған жүктерден, әдетте құмға толы қаптардан, біртіндеп босатылады, ал керісінше төмен түсі мақсатында шардың ішіндегі газдың біразы сыртқа шығарылады немесе оны жылыту тоқтатылады.

Ұшу апараттарының бірі — дирижабльдер, қозғалтқыш айналдыратын пропеллердің көмегімен қозғалады, сондықтан оны басқаруға болады. 

Дереккөз : Физика және астрономия. Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева. 2007 жыл

Scroll Up