Гидравликалық пресс . Сорғыштар

Техникала іс-әрекетті сұйықтардың тепе-теңдігі мен қозғалыс заңдарына негізделген машиналарды гидравликалық машиналар деп атайды. Гидравликалық пресстердің барлығында сұйықтықтардағы қысым күші пайдаланылады. 

  • Есіңде сақта!
    Грекше гидро - су, аулос - түтік

Қарапайым гидравикалық машинаға көлденең қимасының ауданы әр түрлі болып келген екі жылжымалы поршеньдер орнатылған. Цилиндирлер бірімен — бірі өзара жалғастырылып, оларға сұйық, әдетте май, толтырылады. 

Қарапайым гидравликалық пресс схемасы
Кіші цилиндрдегі поршеньге түсірілетін қысым формуласы

Паскаль заңы бойынша сұйық бұл қысымды үлкен поршеньге береді. 

 

Алдыңғы суреттен қысым формуласын алып, үлкен поршеньге түсірілетін күш формуласына қоямыз

Немесе:

Яғни үлкен поршеньнің көлденең қимасының ауданы кішісінен қанша үлкен болса, үлкен поршеньге сонша есе үлкен күш әрекет етеді. 

Сондықтан гидравликалық машинаны пайдаланып, күштен ұтуға болады. Дегенмен пресстін көмегімен күштен ұтыс алсақта, арақашықтықтан ұту мүмкін емес. Себебі үлкен поршень кіші поршеньге ығысқан тереңдікке қараған азырақ биіктікке көтеріледі. 

Яғни күштен біз қанша есе ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз. 

Дереккөз : Физика және астрономия. Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева. 2007 жыл

Scroll Up