Интерференцияның қолданысы

Интерферометр

Интерферометр — өте кішкентай бұрыштарды дәл өлшеуге, жарық толқының ұзындығын, кіші кесінділердің ұзындығын, әртүрлі заттардың сыну көрсеткіштерін анықтауға, беттің өңделу сапасын тексеруге және беттің жылтырау дәлдігін анықтауға арналған сезімтал аспап. Интерферометрлер  линза, айна және басқа оптикалық аспаптар беттерінің өңделу сапасын зерттеуге тиімді. Барлық Интерферометрлерде жарық сәулелері әуеллі екі немесе бірнеше когерентті сәулелерге бөлінеді, содан кейін осы сәулелер бір нүктеге жиналады. 

  • Бұл қызықты!
    Қазіргі ғылымда Майкельсонның екі сәулелі интерферометрлері, Линниктің, Лумер-Герхенның және Фарби-Пероның көп сәулелі интерферометрлері қолданылады

Интерференция құбылысы оптикалық құралдардың жарықтылығын реттеу — жарқындату үшін қолданылады, яғни интерференцияның көмегімен шағылған сәулелердің шамасын не көбейтуге не азайтуға болады. 

Интерферометрлердің көмегімен қатты денелердің сызықтық ұлғаю коэффицентін анықтауға, сонымен қатар магнит өрісіндегі ферромагниттер шамасының өзгеруін де өлшеуге болады. 

Голография

  • Голография грек тілінің "holos" - толық және "grapho" - жазамын деген сөздерінен аударылады

Фотосуреттерде бейне көлемі жоғалады. Алғаш рет бұл құбылысты Д.Габор байқаған. Голография арқылы кескін алғанда бейненің тек амплитудасы ғана емес, оның фазаларын да тіркеуге болады. Голограмманы алу үшін когерентті жарықтың жалпақ шоқтары қолданылады. 

Дереккөз :Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-Ф49 математика бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық /С. Түяқбаев, Ш. Насохова, Б. Кронгарт, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы.

Scroll Up