Биологиядағы зерттеу әдістері

  • Есіңде сақта!
    Әдіс - зерттеуші белгілі бір ғылыми мәселені шеше отырып тандайтын зерттеу жолы.
  • Есіңде сақта!
    Ғылыми әдіс - ғылыми білімдер жүйесін құру кезінді қолданылатын әрекеттер жиынтығы.

Барлық биологиялық ғылымдарға тән әдістер: сипаттау, салыстырмалы әдіс, тарихи әдіс және эксперименталды әдіс.

Сипаттау  

Фактіні бақылау және жинақтап қорытуға негізделген сипаттау әдісі биологияның пайда болғанынан бастап кең қолданылады. Шамамен 17 ғасырға дейін биологиядағы негізгі зерттеу әдісі болған, себебі ғалымдар көбінесе өсімдіктер мен жануарларды сипаттаумен, оларды жүйелендірумен айналысқан. Қазіргі таңда, сипаттау әдісі өз өзектілігін жоғалтты. Оны тек жаңа түрлерді сипаттау кезінді қолданады. Мысалы, кесірткенің жаңа түрі — гекконның табиғаты, негізгі қорегі және т.б. ерекшеліктері сипаттау әдісінің көмегімен зерттеледі. 

cow-1415553_1920

Салыстырмалы әдіс

Салыстырмалы әдіс организмдер және олардың бөліктерінің ұқсастығы мен айырмашылығын зерттейді. Бұл әдіс 17 ғасырдан бастап кеңінен қолданыла бастады. Салыстырмалы әдіс өсімдіктер мен жануарлардың жүйелендіруі үшін қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік берді. Мысалы, ғалымдар ұксас өсімдіктер мен жануарларды аңықтап, оларды бір түрге жатқыза бастады. 

Тарихи әдіс 

Тарихи әдіс — ұзақ уақыт (бірнеше миллиард жыл) аралығында орын алған құбылыстар, үрдістер мен фактілер арасында байланыс орнату. Бұл әдіс арқылы қазіргі алынатын фактілердің қайдан, қалай, не себепті шыққаның аңықтауғы болады. Тарихи әдіс XIX ғасырдың екінші жартысында кеңінен қолданыла бастады(Ч.Дарвиннің эволюция теориясының дәлелденуі). Осы әдісті қолданудың көмегімен биология көптүрлі тірі жүйелердің қалай пайда болғаны мен олардың қалай қызмет атқаратының түсіндіретін ғылымға айналды. 

laboratory-2821207_960_720

Эксперименталды әдіс  

Қойылған тәжіриебе арқасымен жаңа білімді алу жолы эксперименталды әдіс деп аталады.

  • Есіңде сақта!
    Эксперимент - биологиядағы зерттеу әдісі. Зерттеуші саналы түрде, өзі, ортаның жағдайларын өзгерте отырып, олардың тірі ағзаларға қалай әсер ететінің бақылайды

Экспериментті лабораторияда да, ашық айналада да өткізуге болады. Бұл әдісті қан айналымымен енді енді таныса бастағанда, өз зерттеулерінде, Уильям Гарвей(1578-1657ж.) қолдана бастады.  

XX ғасырда жаңа биологиялық зерттеу құралдарының (электронды микроскоп, томограф және т.б.)пайда болуы арқасында, эксперименталды әдіс бүгінгі күнге дейін жетекші зерттеу әдісі болып табылады. 

  • Есіңде сақта!
    Гипотеза - ғылымда болжам деген мағынаны білдіреді. Аксиомалар мен постулаттарға қарағанда дәлелдерді талап етпейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Scroll Up