Дәрежелі сандар

Өлшеу мен есептеулердегі физикалық шамалар әдетте сандармен көрсетіледі. Физика мен астрономияда аса үлкен және кіші сандарды пайдалануға тура келеді. Мысалы , Жер мен Күннің арақашықтығы 150 000 000 шақырым , ал жарықтың таралу жылдамдығы 300 000 000 м/с ,  ал сутегі молекуласының мөлшері 0,000 000 023 см болып табылады . Сандарды осы түрде жазу бірнеше қиындықтар туғызады. Сондықтан , өте кіші немесе өте үлкен сандарды екі көбейткіштің көбейтіндісі түрінде ықшамдап жазу амалы қолданылады.

Мысал :

2000 cанын 2*1000 немесе 2*103 түрінде жазуға болады.  10 дәрежесі (бұл жағдайда «3») бірінші көбейткіштің (біздің мысалда «2») оң жағына қанша нөл жазу керек екенін көрсетеді .Бұл санды стандартты түрде жазу деп аталады.

  • Назар аудар!
    Стандартты түрде жазғанда үтір алдында әрдайым нөлден өзгеше бір сан қалдырылуы керек , ал қалған сандар үтірден кейін жазылады.
    Мәселен, 21500 санын стандартты түрде 21500 = 2,15 ⋅104 былай жазуға болады.

Стандартты түрде жазылған санды «ашу» (яғни, қарапайым түрде жазу) қажет болғанда, мысалы, 3,71 ⋅105, санында 5 дәреже үтір бес бірлікке оңға жылжитынын білдіреді .Үтір « 71» санын толықтырып , басқа қалған сандар нөлдермен ауыстырылады : 3,71⋅105 = 371,000. 

Үлкен сандармен аяқтадық , енді кіші сандарға көшейік.

Мысал :

Ондық бөлшек түріндегі 0,1 ;  0,01 ; 0,0001 сияқты сандарды ықшамдап жазу үшін 10 санының алдына n дәреже кқрсеткішінің алдына «-» таңбасы қойылады. Ал n көрсеткіштің нақты мәні үтірден кейін қанша таңбалы сан тұрса , сонша мәнге ие болады.

1/100 = 0,01= 10-2

0.0001 = 1/100001/104 = 10-4

21/1000,21 = 2,1 ·10−1

Сутегі молекуласының мөлшері — 0,000000023 см = 23/109 = 2.3/108 = 2.3 *10-8

Кейбір кіші денелердің мөлшері

Кейбір үлкен денелердің мөлшері

Scroll Up