Динамометр көмегімен дененің салмағын өлшеу

  • Есіңде сақта!
    Күшті өлшеу үшін арнайы құралдар - динамометрлер қолданылады.

Күш өлшем бірлігі —  Н  (ньютон) болып табылады .

Қарапайым динамометрдің жұмыс істеуі кез-келген күш пен серпімділік күшімен теңесуіне  негізделген.
Ең қарапайым динамометрді ағашқа бекітілген ілулі серіпппе көмегімен жасай аламыз .

динамометр.png

Динамометр шкаласында күш өлшем бірлігі ньютондар жазылған . Суретте көрсетілгендей , жүкті ілгеннен кейін динамометр нұсқары 0-ден 1,4-ке жетті. Бұл жүктің салмағы 1,4 Н тең екенін білдіреді .

Серпімділік күші

Тігіннен орналасқан серіппеге әр түрлі күш түсіре отырып , оның әр жолы қаншалықты созылғанын шкаланың көмегімен анықтауға болады . Ол үшін алдымен серіппе шкаласы градуирленедіГрадуирлеу — құралды нақты бөліктері бар шкаламен жабдықтау.Алдымен серіппе созылмаған кездегі көрсеткіштің орны белгіленеді . Осыдан кейін 1Н күш түсіріледі . Түсірілген күш әрекетінен серіппе ,  мысалы , 1 см-ге созылды делік .  Гук заңыңа сәйкес серіппенің созылуы түсірілген күшке пропорционал екенін білеміз . Осылай градуирленген серіппе  — динамометр көмегімен әр түрлі күштерді өлшеуге болады . 

Мысал , серіппеге массасы 102 г жүк ілінді делік , онда оған шамамен 1Н ауырлық күш әрекет етеді.

Себебі ,  

Бұл күш әсерінен серіппе созылады.

Қолдануда әртүрлі динамометрлер қолданылады . 

Тәжірибеде медициналық динамометрлер қолданылады .

Оған қоса , сынап , гидравликалық , жүк (өте үлкен күштерді өлшеу үшін ) динамометрлерді қолданады. 

трактор.png

Дереккөз : Физика және астрономия 7 сын. Башарұлы Р./Тоқбергенова У. 2007 ж.

Scroll Up