Энергияның сақталу заңы

Жер шары мен оның бетінен жоғары көтерілген денеден тұратын тұйық жүйені қарастырайық. Мұндай тұйық жүйеде ішкі ауырлық (тартылыс) күшінің жұмысы ғана ескеріледі. Сондықтан ауаның кедергісін ескермейміз. Дене ауырлық күші әрекетінен құласын. Ауырлық күшінің жұмысы құлаған дененің жылдамдығын арттырып, оның кинетикалық энергиясын ΔЕk шамасына өсіреді:

Екінші жағынан бұл жұмыс дененің потенциалдық энергиясының
кемуіне тең:

Жоғарыдағы формулалардың сол жақтары тең болғандықтан, оң
жақтары да тең:

  • Есіңде сақта!
    Кинетикалық және потенциалдық энергияның қосындысын толық механикалық энергия деп атайды.

Сонымен, тұйық жүйеде механикалық энергия өзгермей тұрақ- ты сақталады деген қорытындыға келеміз. Мұндай қорытынды дененің потенциалдық энергиясының кинетикалық энергияға айналуына немесе кері-сінше түрленуіне шек қоймайды.

Scroll Up