Импульс сақталу заңы

Тұжырым

Ньютон екінші заңының импульсті формуласы бойынша, күш, импульс өзгерісінің уақыт өзгерісіне қатынасына тең. Енді мынадай жағдай қарастырайық, жүйеде сыртқы күштер болмасын, онда денеге тек жүйенің ішкі күштері әсер етеді.

 Келесі кезенде Ньютонның үшінші заңын еске алайық, егер екі дене арасында әрекеттесу болса, онда бірінші денеден екінші денеге және екінші денеден бірінші денеге әсер ететін күштер модулі жағынан бірдей, бірақ бағыты бойынша қарама-қарсы болып келеді. Жүйеде тек ішкі күштер қалатын болса, онда әрбір F1 күшіне оған модулі бірдей, бірак бағыты қарама-қарсы болып келетін F2 күшін таба аламыз. Бұл дегеніміз, егер жүйедегі әрбір дене үшін Ньютон екінші заңының импульсті формуласын жазатын болсақ және барлық пайда болған күштерді қоссақ, бізде жалпы жүйенің импульс өзгерісі ішкі күштердің уақытқа көбейтіндісіне тең болады.

Осы жердегі Δp-жалпы жүйенің өзгерісі, F12,F21,F31…-денелерге әсер еткен ішкі күштер, F1,F2,F3-денелерге әсер еткен сыртқы күштер. Осыған Ньютонның үшінші заңын үйлестіретін болсақ, онда осы заң бойынша барлық сытрқы күштердің қосындысы 0 болып келеді. 

Енді үшінші заңды әрбір күштер жұбы үшін жазып біткеннен кейін жоғарыда жазылған формулаға қойып қойсақ, астында көрсетілген теңдікке келеміз.

Басындағы тұжырымды еске алатын болсақ, онда жүйеде сыртқы күштер жоқ деген ойды еске ала аламыз. Осы тұжырымды соңғы формулаға койып кояйық. Онда оң жағында Δp қалып, теңдіктің  сол жағында 0 пайда болады. Бұл дегеніміз, уақыт өткен сайын жүйенің жалпы импульсі өзгермейді.

  • Анықтама!
    Егер жүйе оқшауланған, яғни жүйеге тек ішкі күштер әсер ететін болса, онда жүйенің импульсі уақыт өткен сайын тұрақты(const) болып келеді. Осы жерде импульстің векторлы түрде сақталатынын ұмытпау керек.

Дереккөз: Физика: Механика. 10 класс. Углубленный уровень. Г. Я. Мякишев.

Scroll Up