Инерция

Күнделікті тәжірибеден біз белгілі бір бағытта жылдамдықпен қозғалған дене өзінің қозғалыс жылдамдығын сақтауға тырысатынын байқаймыз. Осындай денені тоқтату үшін оған басқа дене әрекет етуі керек. 

futbol.jpg

Доп тыныштық күйінде тұр .Ойыншы оны аяғымен қозғайды. Бірақ доп өзі жылдамдығын өзгертпейді және басқа дене(күш) оған әрекет жасамайынша қозғалысын бастамайды.

  • Денеге басқа денелер әсер етпегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысын инерция деп аталады.

Адам күнделікті өмірде инерциямен кездеседі . Мысалы : автокөліктің кенеттен тоқтауының нәтижесінде ішінде отырған адам алға құлайды . Бұл инерцияның анық құбылысы .

Картинки по запросу инерция

Бұл мысалда көлбеу беттен қандай да бір жылдамдықпен қозғалған арбаша түзу жолға келіп түскеннен кейін қалың мата жабылған жолға келіп түскеннен кейін жолын қарастырайық . Алғашқыда ол құм төселген жолға , соңында тегіс жалтыр шыны жолға келіп түсті делік . Бұл жолдардағы арбаша қозғалысы түрліше болады . Арбашаның қозғалысын бақылай отырып , бірінші жолға келіп түскеннен кейін , ол аз ғана жол жүрген соң , тез арада тоқтағанын байқауға болады . Екінші жолда бірінші жағдаймен салыстырғанда арбаша көбірек жол жүрді . Ал үшінші жолдар арбаша анағұрлым ұзығырақ қозғалып , көбірек жол жүреді . Сөйтіп , арбашаның жолындағы кедергіні неғұрлым азайтқан сайын , ол ұзағырақ қозғалады және бұл қозғалыс соғұрлым бірқалыпты түзусызықты қозғалысқа жуық болады . Бұл тәжірибеден осындай қорытындыға келуге болады — денеге басқа денелер әрекет етпесе , онд ол тыныштық күйінде болады немесе Жермен салыстырғанда түзусызықты бірқалыпты қозғалады . Денеге басқа денелер әсер етпегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысын инерция деп аталады. ​

Мысал :

Педаль ретінде жұмысын тоқтатқан велосипедшілер, егер үйкеліс велосипедке әсер етпесе, қозғалыс жылдамдығын сақтай алады. Сондықтан, оның жылдамдығы төмендейді және ол тоқтайды
Велосипедші педальмен жұмысын тоқтады делік . Велосипедке .үйкеліс күші әрекет етпесе , ол өз жылдамдығын сақтаушы еді , алайда , үйкеліс күші велосипедті біртіндеп тоқтатады . Яғни , денеге басқа денелер әрекет етпесе , ол тыныштық күйінде немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалады .

Қорытқы күш

Егерде денеге бір уақытта бірнеше күш әрекет етсе , онда дененің жағдайын немесе оның жылдамдығын сипаттайтын күш — қорытқы күш болып табылады

Күштерді қосу

Күштердің бағыты бірдей болса , онда күштер қосылады . 

Қорытқы күш инерция
  • Назар аудар!
    Егер күштер қарсы бағыттарда әрекет етсе, қорытқы күш күштердің айырмасына тең болады - үлкенінен кішісін алып , қорытқы күш үлкеннің бағытын сақтайды.

Мысалы, автокөлік жүргізу кезінде оған екі күш әрекет етеді . Біріншісі — көлікті алға тартып тұратын тарту күші Ft , екіншісі — көлікті артқа тартып тұратын үйкеліс күшу . Ал енді мысалдарды қарастырайық . Бұл мысалда автокөліктің тарту күші үйкеліс күшінен артық , сондықтан қорытқы күш тарту күшінің бағытын сақтап , тарту күшінің үйкеліс күшінің айырмасына тең . Яғни , автокөлік алға ұмтылады , жылдамдық артады , үдеу бар . 

Ал бұл мысалда автокөлік белгілі бір себептерге байланысты қозғалысын тежейді , сондытқтан автокөліктің тарту күші азайды да , үйкеліс күші артты . Автокөлік тежелуді бастайды . 

Егер тарту күші үйкеліс күшімен тең болса , онда автокөлік тұрақты жыламдықпен қозғалады . Бұл күштер бір-бірін толықтырады . Қорытқы күш 0-ге тең болғандықтан , автокөліктің үдеуі де 0 болады .

Дереккөз : Физика және астрономия 7 сын. Башарұлы Р./Тоқбергенова У. 2007 ж.

Scroll Up