Көкжиекке лақтырылған дене

Көкжиекке бұрышталып лақтырылған денелердің траекториясын түсіну үшін суреттегі жағдайды қарастырайық. Координаталық жазықтықтың басы жер бетінде O нүктесінде орналасқан және ордината мен абциссаның бағыты суретте көрсетілген.

Дене h биіктіктен бастапқы жылдамдығымен (V0) x осьіне α бұрышымен лақтырылды. Осылай оның қозғалыс траекториясы суретте көрсетілген.

Денеге тұрақты g үдеуі әсер еткендіктен оның қозғалысын суреттегі көрсетілген формуламен анықтауға болады. Осы формула векторлы түрде жазылған, сол үшін біз оны екі тәуелсіз координаталық x және y теңдеулеріне бөле аламыз.

  • Есіңде сақта!
    Денелердің қозғалысын тәуелсіз осьтердің қозғалысына бөлуге болады. Осы осьтерде олардың қозғалысын бөлек қарастыруға болады.

Біріншіден, векторлық түрден скалярлық(координаталық) түрге формуланы келітру үшін барлық шамалардың проекцияларын X,Y осьтеріне жасау керек. Сонда g-нің x осьіне проекциясы 0, ал y осьіне проекциясы g-ге тең болады. Бастапқы жалдамдықтың проекцияларын табатын болсақ, Vox=V0cosα және Voy=Vosinα.

Cоңында жоғары суретте көрсетілген теңдеулерге келеміз. x-осьінде тұрақты жылдамдықпен қозғалыс болса, y-осьі бойынша үдемелі қозғалыс болады.

Scroll Up