Күш түсінігі

Күштің негізгі үш сипаттамасы бар

  • Модуль
  • Бағыты
  • Күш түсу нүктесі
 

Табиғатта денелерге бір күш әсер етіп қоймай, бірнеше түрлі күштер әсер етіп тұрады.

 

Қорытқы күш

Осындай бірнеше күштің әсерін бір қорытқы күштің әсерімен алмастыруға болады, осылай қорытқы күш дегеніміз-барлық күштердің қосындысына тең күш. Осылайша егер біз денеге әсер ететін барлық күштерді қорытқы күшпен ауыстырсақ, дене үшін ешқандай өзгеріс байқаланбайды.
Енді қорытқы күшті табу үшін барлық күштерді вектор түрінде қосып, модуль мен бағыт табу арқылы анықтауға болады.

Scroll Up