Молекуланың массасы. Авогадро тұрақтысы

N – молекулалар саны                                                                             [N] = өлшемсіз

m – дененің массасы                                                                                [m] = 1 кг

M – молярлық масса                                                                                [M] = 1 кг/моль

NA – Авогадро тұрақтысы                                                                       [NA] = 1 моль-1

m0 – бір молекуланың массасы/абсолютті масса                           [m0] = 1 кг

v – зат мөлшері                                                                                           [v] = 1 моль

Mr – салыстырмалы молекулалық масса                                          [Mr] = өлшемсіз

Физика мен химияда атомдар мен молекулалар массаларын өлшеу үшін бірыңғай өлшем жүйесі енгізілген.

Моль (v12С изотобының 12 граммында көміртектің қанша атомдары болса, сонша құрылым бөлшектері (молекулалар, атомдар, иондар, электрондар) болатын зат мөлшері. Белгіленуі:  [v] =  моль.

Зат мөлшері, Моль, Авогадро тұрақтысы, Молекулалық физика, Молекуланың массасы

Зат мөлшерін табатын формула

Массаның атомдық бірлігі көміртек 12С атомы массасының 1/12 бөлігіне тең.

1 м.а.б. = 1/12 · m(12С) = 1.66057·10-27 кг ≈ 1.66·10-27 кг

  • Есіңде сақта!
    Халықаралық келісімге сай барлық молекулалардың массаларын көміртек атомы массасының 1/12 бөлігімен салыстырады.
 

Салыстырмалы молекулалық масса (Mr) – заттың молекуласының орташа массасының  атомы массасының 1/12 бөлігіне қатысына тең өлшемсіз шама. Мысалы, О2 газының салыстырмалы молекулалық массасы 32-ге тең.

Молекуланың абсолютті масса салыстырмалы молекулалық массаны 1 м.а.б.-не көбейткенге тең.


m0 = Mr · 1.66·10-27

12С изотобының 12 граммында NA = 6.022·1023 атом болады. Сонымен, зат мөлшерінде осы заттың 6,022·1023 құрылым бөлшектері болады. NA физикалық шамасы Авогадро тұрақтысы деп аталады және өлшемі [NA] = моль-1. Оны 1811 жылы итальян ғалымы А.Авогадро анықтаған. Соның құрметіне тұрақтыға осындай есім берген.

  • Шығару жолы! Авогадро тұрақтысы көміртек изотобының 12 граммындағы (12·10-3кг) бөлшектер санын сипаттайды. Көміртек атомының массасы 1.995·10-26 кг-ға тең.

Авогадро турактысы, Зат молшери, Молекула, Молекулалык физика, Авогадро турактысы шыгару жолы, моль 

Авогадро тұрақтысын табу жолы

  • Есіңде сақта!

    Авогадро тұрақтысы (NA) – кез-келген заттың бір молінде болатын атомдар немесе молекулалар саны.

    Мәні: NA = 6.022·1023моль-1

Молярлық масса (М) – 1 моль заттың массасы. Молярлық массаның өлшемі  [М] = г/моль.

M = Mr · 10-3
M = m0 · NA

Молекуланың массасы (m) – денедегі барлық бөлшектерінің толық массасы.

m = N · m0

Молекулалық масса мен зат мөлшерінің байланысы.

Авогадро турактысы, ЗАт молшери, молекулярная физика, молекулалык физика, формулы по физике, моль, молекулалык физика, молекуланын массасы, масса молекулыБолшектер санын табу, Молекула, молекулалык физика, авогадро, зат молшери, моль, формулы по физике, основные формулы по молекулярной физике

Қортындылай, дененің молекулалар санын табатын формула 

Дереккөз : Оқушының қысқаша анықтамалығы 5-11 сын. П.И.Алтынов/П.А.Андреев/А.Б.Балжи, 2006 ж.

Scroll Up