Шеңбер бойындағы қозғалыс

Осы уақытқа дейін біз тек түзу бойындағы қозғалыстарды қарастырдық. Енді біз қисық сызықты қозғалысты қарастырамыз. Суретте көрсетілгендей қисық сызықты қозғалыстың кез-келген бөлігін шеңбер бойындағы қозғалыс ретінде қарастыруға болады.

  • Есіңде сақта!
    Кез-келген қисық сызықты қозғалыстың бөліктерін, шеңбер бойындағы қозғалыс ретінде алуға болады.

Дене тұрақты жылдамдықпен шеңбер бойымен қозғалса, оның үдеуі нөлге тең емес!!! Осы қызықты шешімге келу үшін үдеудің формуласына оралу керек. Суретте көрсетілгендей үдеу ол векторлық шама және бастапқы мен соңғы жылдамдықтың векторлық айырымына тәуелді. Векторлы шамалар модулі бойынша бірдей болса да, бағыты әр түрлі болса, онда олардың айырымы 0 тең болмайды.

  • Есіңде сақта!
    Шеңбер бойындағы тұрақтықты жылдамдықпен қозғалысының үдеуі нөлге тең болмады!

Центре тартқыш үдеу

Шеңбер бойындағы тұрақты жылдамдықпен қозғалысында удеу әрқашан центрге бағытталады. Оны суретте байқай аласыздар. Оның мәні оң жақтағы суретте көрсетілген.

  • Есіңде сақта!
    Центрге тартқыш үдеу әр қашан шеңбер центріне бағытталады және радиусқа кері тәуелді.
Scroll Up