Тангенциалды және нормаль удеу

Үдемелі қозғалыс жағдайы

Өткен парақта біз шеңбер бойында тұрақты жылдамдықты қозғалыс қарастырдық. Осы парақта біз шеңбер бойындағы үдемелі қозғалысты қарастырамыз. Осы жағдайда дене үдеуі центрге тарқыш үдеуімен аяқталмайды. Центрге тартқыш үдеуді нормаль удеу деп те атайды.

Егер дененің жылдамдық модулі өзгеретін болса, онда центрге тартқыш үдеуге қосымша тангенциалды үдеу қосылады. Тангенциалды үдеу әр қашан жылдамдықпен бағыттас немесе қарама-қарсы бағытталады. Тангенциалды үдеу жылдамдық модулінің өзгерісіне жауапты, оның модулі суретте көрсетілген. 

  • Есіңде сақта!
    Тангенциальды үдеу шеңбер бойындағы дене жылдамдығының модулі өзгерісін көрсетеді.

Төменгі суретте көрсетілгендей  нормаль(центрге тартқыш) үдеу центрге бағытталып, тангенциаль үдеу оған қатысты перпендикуляр бағытталады. Олардың векторлық қосындысы толық үдеуді береді. Олар перпендикуляр бағытталғандықтан толық үдеу модулін Пифагор теоремасы арқылы таба аламыз.

Scroll Up