Жылудың қозғалысы

Қоршаған ортада әр түрлі денелердің температурасы әр түрлі болып келеді. Температураның айырмашылығы олар арасындағы жылу алмасуды қамтамасыз етеді. Анимацияда көрсетілгендей жылу алғаш шамнан жақын арадағы молекулаларға, кейін осы молекулалар температурасы төмен жақындағы молекулаларға, олар басқа молекулаларға осылай кете беріп жылу алмасу процессі орын алады.

  • Есіңде сақта!
    Жылу температуры жоғары денеден, температурасы төмен денеге барады.

Жылу алмасуы- бұл біріншіден энергияның алмасуы. Оның қозғалысын қамтамасыз ету үшін орта керек, осы ортаны молекулалар кұрайды. Молекулалардың энергиясы түрлі болуына байланыста олардың соқтығысуы энергияның алмасуымен жүреді.

Сонымен қатар біз дененің белгілі бір энергияның мөлшеріне ие екендігін айта алмаймыз, тек энергияның өзгерісі ғана туралы айта аламыз.  

  • Есіңде сақта!
    Жылу алмасуы жүру үшін орта керек, осы ортаны молекулалар құрайды. Денелердің белгілі бір энергия мөлшеріне екендігі турал айта алмаймыз, тек оның өзгерісу туралы айтуға болады.
Scroll Up