Валенттілік, тотығу дәрежесі, формулаларды құрастыру

Валенттілік — атомның басқа атомдарды немесе атомдар тобын қосып алып химиялық байланыс құру қасиетінің сандық сипаттамасы. 

Мына кестеде әртүрлі элементтердің валенттілігін көре аламыз:

ЭлементВаллентілік
H, F, Li, Na, K, AgI
O, Be, Mg, Ca, Ba, ZnII
AlIII
CuII ; I
C, SiII ; IV
NI ; II ; III ; IV ; V
PIII ; V
Cl, Br, I I ; III; V; VII
FeII ; III
SII ; IV ; VI

Валенттілікті анықтау үшін октет заңдылығы көмектеседі.

Валенттілікті периодтық кесте арқылы білуге болады. Кестедегі элемент тобына сәйкесінше оның сыртқы қабатындағы электрондар санын біле аламыз. Мысалы, оттек атомын қарастыратын болсақ, оның сыртқы қабатында 6 электрон бар, және оның екеіуі жұптаспаған(қызылмен белгңленген), осыған байланысты және октет заңдылығы бойынша 2-ге тең. 

Натрий атомында сыртқы, яғни үшінші, электрондық қабатында бір ғана элекрон бар және октет заңдылығы орындалуы үшін жеті электрон жетіспеуде. Жеті электрон қабылдаудан гөрі натрийге үшінші қабатындағы бір электронды беріп қою ыңғайлырақ болғандықтан, валенттілігі 1-ге тең.

Формула құрастыру алгоритмі.

  1. Элементтердің валенттілігін анықтау;
  2. Бір элемент валенттігін екінші атомның индексі және екінші атомның валенттілігін бірінші атомның индексіне айналдыру;
  3. Индекстер қысқарылатын болса, қысқарту;
     Фосфор оксидінің формуласын құрастырайық. 
  1. Фосфор валенттілігін 5 деп аламыз, ал оттектің валенттілігі әрдайым 2- ге тең. 
  2. Фосфордан кейін 2 санын, ал оттектен кейін 5 санын индекс ретінде жазамыз. Формула — P2O5
  3. 5 пен 2 сандары қысқарылмайды, сондықтан формуланы өзгертпейміз.
     Фосфор(V) оксидінің формуласы —  P2O5

     Аллюминий хлоридінің формуласын құрастырайық.

  1. Аллюминий валенттілігі 3-ке , ал хлордың валенттігі 1-ге тең
  2. Формула — AlCl3

     Келесі қосылыс — күкірт(VI) оксиді

  1. Валлентіліктер: күкірт-6, оттек-2
  2. Индекстерді орнатамыз : S2O6
  3. Индекстерді қысқартамыз SO3
Scroll Up