Шаянтәрізділер мен Өрмекшітәрізділер кластары

  • 1. Тип неге буынаяқтылар деп аталған?
    2. Буынаяқтылар типінің кластарын атаңдар.

Буынаяқтылар

аяғы бунақталған, екіжақты симметриялы, көпжасушалы жәндіктер. Денесінің сырты тығыз хитинмен қапталған. Жер шарын мекендейтін жануарлар дүниесінің 80 пайыздан астамы буынаяқтылар үлесіне тиесілі. Қазіргі таңда олардың 1 миллион түрлері белгілі. Үш класы бар: шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер және бунақденелілер.

Шаянтәрізділер

Шаянтәрізділер өкілдері. Дереккөз: ppt-online.org
  • Мекені: теңіз, көл, өзен.
  • Дене бөліктері: кейбір түрлері үш бөліктен ⇒ бас, көкірек, құрсақ; кейбір түрлері екі бөліктен ⇒ баскөкірек, құрсақтан (өзеншаян, танқышаян, асшаян) тұрады.
  • Тыныс алу мүшесі: желбезек.
  • Қанайналым жүйесі: жүрегі және қан тамырлары қанды дене қуысына айдайды, сондықтан, қантарату жүйесі тұйықталмаған — ашық жүйелі; жүрек екі камералы (жүрекше, қарынша).
  • Зәр шығаруы: жасыл бездер арқылы. Ол дененің бас бөлігінде орналасады. 
  • Сезім мүшелері: көз — көру; мұртшалар — иіс, сипап сезу; тепе-теңдік, есту.
  • Көбеюі: көпшілігі дара жынысты және олар жынысты жолмен көбейеді.
  • Қоректенуі: орташа және ірі денелі шаянтәрізділер (таңқышаян, омар, асшаян, өзеншаян) құрттарды, ұлуларды, балықтарды, өсімдіктерді қорек етеді. 
  • Асқорытуы: Талғаусыз жейді; ауыз -жұтқыншақ-өңеш-асқазан-ішек-аналь тесігі.
  • Дене жамылғысы: қатты.
  • Жүру аяқ саны: 5 жұп аяқ.
  • Пайдасы/Зияны: балықтардың, бақалардың, басқа да су жануарлардың өлексесін жеп, табиғатта санитарлық рөл атқарады. Ұсақтары (дафния, циклоп) балықтарға жем болады. Балықтардың желбезектерінде паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар. Циклоптар кейбір құрттардың дамуына аралық ие болып табылады.
Шаянның ішкі құрылысы. Дереккөз: ppt-online.org

Өрмекшітәрізділер

Өрмекшітәрізділер өкілі. Дереккөз: znanio.ru

Өрмекшітәрізділерді зерттейтін зоология саласын арахнология деп атайды.

  • Мекені: құрлық, паразит.
  • Дене бөліктері: баскөкірек, құрсақ.
  • Тыныс алу мүшесі: өкпе қапшығы, демтүтік (трахея). Демтүтік — жәндіктің құрлықта өмір сүруге бейімделуінің нәтижесінде пайда болған жаңа түзіліс. Өкпе — желбезектер туындысы.
  • Қанайналым жүйесі: дене қуысы — аралас қуысты, сондықтан қантарату жүйесі ашық жүйелі; екі камералы (жүрекше, қарынша).
  • Зәр шығаруы: сатанбез және мальпигий тамырлары.
  • Сезім мүшелері: көздері нашар көреді; сипап, иіс сезу, ылғалды анықтайтын мүшелері жақсы дамыған.
  • Көбеюі: жынысты, іштей. Аналықтары жұмыртқа салып, жұмыртқадан ұрпақтары тікелей дамиды.
  • Қоректенуі: өсімдік, бунақденелілер, қан.
  • Асқорытуы: тек қоймалжың күйдегі қоректі ғана пайдаланады. Сондықтан қорегінің денесіне нәруызды ыдырататын бауыр мен сілекей безінің сөлін енгізеді. Қоймалжыңданған қоректі жұтқыншағымен сорады. Тамақтың денеден тысқары қоймалжың күйге ауысып қорытылуы астың ішектен тыс қорытылуы деп аталады. Бұл — бұған дейінгі жәндіктерде байқалмаған құбылыс.
  • Дене жамылғысы: жұмсақ.
  •  Аяқ саны: баскөкірек бөлігінде 6 жұп аяқ орналасады. Бірінші жұбы — күйісаяқ, екінші — тұтқыаяқ, қалған 4 жұбы — жүруге арналған аяқтар.
  • Терісі: үш қабатты. Жабынында улы және өрмек тоқитын безі болады.
  • Пайдасы/Зияны: Көпшілігі бунақденелілер мен өсімдікпен қоректеніп, олардың табиғаттағы санын реттейді. Біреулері шағып (қарақұрт, бүйі, құршаян), адам мен үй хайуанаттарына қауіп төндіріп, паразитті жолмен тіршілік етеді.
Секіргіш өрмекші. Дереккөз: kopilkaurokov.ru
Тарантул. Дереккөз: alashainasy.kz
Өрмекшінің ішкі құрылысы. Дереккөз: ppt-online.org

Қолданылған деректер:

  1. Биология: Талапкерге арналған оқулық-тест. Алматы, 2018.
  2. Биология қысқаша анықтама. Алматы, 2013.
  3. Биология 7-сынып. Алматы, 2007.
Scroll Up