Өсімдіктердегі тыныс алу

  • Есіңде сақта!
    Тыныс алу - бұл тірі организмнің жасушаларында болатын күрделі процесс. Бұл процесс кезінде оттегінің әсерінен органикалық заттар көмірқышқыл газы мен суға ыдырайды. Сонымен қатар өсімдік өмірлік процестерге пайдаланатын энергия бөлінеді.

Тыныс алу қалай жүзеге асады?

Өсімдіктер, барлық тірі организмдер сияқты, тыныс алады.
Сонымен бірге олар атмосфералық оттегін сіңіреді, сонымен қатар фотосинтез кезінде пайда болатын және жасушааралық қуыстарда болатын оттегін пайдаланады.

Өсімдіктер күндіз-түні дем алады.
Күндізгі уақытта атмосфералық оттегінің көп бөлігі өсімдіктерге жапырақтардағы мен жас өркендерінің лептесіктері (стомата), жас тамырлардың қабығы, сонымен қатар сабақтың жасымықшалары (чечевички) арқылы енеді.
Түнде көптеген өсімдіктердің лептесіктері жабық, тыныс алу үшін өсімдіктер негізінен фотосинтез кезінде пайда болатын және жасушааралық кеңістікте жиналатын оттегін пайдаланады. Жасушааралық кеңістік арқылы оттегі өсімдіктердің барлық тірі жасушаларына енеді.

Тыныс алғанда күрделі органикалық заттар оларды құратын қарапайым заттарға — су мен көмірқышқыл газына бөлінеді.
Ал органикалық заттардың түзілуін камтамасыз ететін фотосинтез процесі кезінде жиналған күн сәулесінің энергиясы, тыныс алу кезінде шығады. Өсімдік оны өсу, көбею және басқа өмірлік процестер үшін пайдаланады.
Көмірқышқыл газы өсімдіктен лептесіктер, жасымықшалар немесе жас тамырлардың бүкіл беті арқылы шығарылады.

  • Назар аудар!
    Тыныс алу фотосинтезге қарама-қарсы үрдіс. Тыныс алу - өсімдік тіршілігінің ажырамас шарты. Өсімдіктер тыныс алу арқылы энергия алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Scroll Up