Термодинамиканың екінші заңы

Термодинамиканың екінші заңы циклдік әрекет ететін жылу мәшинесінде нәтижесі  қыздырғыштан алынған барлық жылу мөлшерін  механикалық жұмысқа айналдыру   болатын  процесс мүмкін емес деп тұжырымдайды.

 

формуласынан η = 1 болғанда Q2 = 0 екендігі шығады. Бірақ  мұндай шарттарда қозғалтқыш
циклді қайталай алмайды. Идеал мәшинеде де жұмыстық денесалқындап, бастапқы күйіне
қайтып келуі үшін энергиясының бір бөлігін суытқышқа беруі керек.  Q2 = 0 болғанда
қозғалтқыштар жұмысында термодинамиканың екінші заңы орындалмайды.

Термодинамиканың екінші заңының мұндай тұжырымын Кельвин жасаған.

  • Есіңде сақта!
    Барлық жылу мөлшерін жұмысқа айналдыратын қиялдағы механизмді екінші ретті мәңгі қозғалтқыш деп атайды. Мұндай механизмнің болуы мүмкін емес.

Жылу температурасы жоғары денелерден температурасы төмен денелерге өздігінен берілуі мүмкін, дегенмен керісінше берілмейді. Мысалы: жылу адам денесінен термометрге беріле алады, дегенмен термометрдің жылуы адамға берілмейді, себебі ол адамдан суығырақ.

  • Есіңде сақта!
    Термодинамиканың екінші заңының физикалық мағынасы мынадай:
    молекулалардың жылулық қозғалысының энергиясы – механикалық
    және ядролық энергия, электрэнергиясы сияқты басқа энергия түрлеріне қарағанда толығымен  басқа энергия түріне айнала алмайды.

Дереккөз : Физика 10 сынып оқулығы. Н.А. Закирова/Р. Р. Аширов,  2019 жыл

Scroll Up