Тыныс алу мүшелері. Тыныс алу механизмы. Газ алмасу.

  • Есіңде сақта!
    Тыныс алу - организм мен сыртқы орта аралығында газ алмасу.

Тыныс мүшелердің құрылысы

Тыныс алу жүйесі - Дереккөз: Краткая медицинская энциклопедия, 1-том. Москва - 1990.

Қан мен ауа аралығында газ алмасу тыныс мүшелері арқылы жүреді. Олардың ішіне ауа өтетін жолдар мен өкпе кіреді. 

Ауа өтетін жолдар

Ауа өтетін жолдарға мұрын қуысы, көмекей, кеңірдек және бронхы жатқызылады. Осы мүшелер арқылы ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы шығарылады. Жоғарғы тыныс алу жолдарына мұрын қуысы, жұтқыншақ, ауыз қуысы жатады. Ал төменгі тыныс алу жолдарына көмей, кеңірдек, бронхы жатады.

Мұрын қуысы. Мұрын қуысы сүйекті-шеміршекті перде арқылы екіге бөлінген. Олар кірпікше эпителийлі қабықпен және көп қан тамырларымен қапталған. Танаудан келген ауа дене температурасына дейін жылытылады, ал сілемейлі қабық ауаны ылғалдайды және шаң-тозаңдар мен микроорганизмдерді алып қалады. Мұрын қуысының үстіңгі бөлімінде иіс сезу мүшелердің жүйке ұштары орналасқан және олар арқылы біз түрлі иіс сезе аламыз. Ендігі жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге барады.

Көмекей. Көмекей байламдардан тұратын бірнеше шеміршектерден (қалқанша, сақиналы тәрізді, екі ожау тәрізді, көмекей үсті) және тіласты сүйектен тұрады. Ожау тәрізді шеміршектер мен қалқанша шеміршектің ішкі жағынан дауыс сіңірлері байланысып жатады және олардың арасында дауыс саңылау болады. Олар қозғалған сайын ауа шығарылады да, дыбыс пайда болады. Сөйлеуге тағы да тіл , ерін, бет, жұмсақ таңдай және көмекей үсті шеміршек қатысады. Көмекейдің тағы бір қызметі , егер де оған шет бөлшектер түсіп , қабыну процесі жүрсе, адам жөтеліп, дем шығарылады. Осылайша, көмекей тазартылып, тыныстың келесі мүшелеріне зиянды заттардың енуіне кедергі келтіреді. Кейін көмекей ауаны кеңірдекке өткізеді.

Кеңірдек. 6-7 мойын омыртқа тұсында көмекей кеңірдекке жалғасады. Ол өңештің алдында орналасады және жарты сіңірлі шеміршектен тұрады, олар қабырғаларын кернеп тұрады және  қабысып қалуға кедергі келтіреді. Осылайша, мойын және өңеш еркін қозғалады, ал ішіндегі ауа әрі қарай өте алады. Кеуде омыртқасына жақын кеңірдек екі бронхыға бөлінеді. Бронхылар өкпенің оң жақ және сол жақ бөліктеріне кіріп, тармақталып, бронхы ағашын түзеді. 

Кеңірдек пен бронхы ағашы - Дереккөз: Краткая медицинская энциклопедия, 1-том. Москва - 1990.

Бронхылар. Кеңірдектің төменгі жағы екі бронхыға бөлінеді, олар кейін  тағы тарамдалып, өкпеге бронхиалды бұтақтарды түзеді. Ең жіңішке бұтақтарды бронхиолдар дейді. Олар өкпе көпіршіктері альвеолаларға еніп, олардың қабырғаларын капилляр торлармен қаптайды. Альвеолдар мен капилляр арасында газ алмасу процесі жүреді. 

Бронхиола мен альвеола - Дереккөз: Краткая медицинская энциклопедия, 1-том. Москва - 1990.

Өкпе

Өкпе — кеуде қуысында орналасатын және түскен газдарды алмастыру процесін жүргізетін мүше. Өкпенің ортаңғы бөлігінде қақпасы орналасқан , ол арқылы өкпе бронхиолалар мен өкпе артериясы болып жалғасады. Оң жақ өкпе 3, ал сол жақ өкпе 2 бөліктен тұрады. Кеуде қуысының ішкі қабырғасын сірікауыз астарлап жатады. Олардың арасы жіңішке қуыс, онда ауа болмайды, тек өте аз көлемде сероз деген сұйықтық бар. Бұл сұйықтық тыныс алған кезде өкпенің үйкелісін жеңілдетеді. 

Өкпе қызметі.

Қоршаған ортадан ұлпаларға оттегі жеткізілгенде, ол химиялық реакцияларға түсіп, бірнеше кезеңдерден өтеді:

  1. Өкпемен тыныс алу — оттегін альвеоларға жеткізу.
  2. Альвеолардан өкпе капиллярларына оттегінің өтуі.
  3. Қан арқылы оны ұлпа капиллярына өткізу.
  4. Капиллярдан қоршаған ортаға өту. 

Бірінші және екінші кезең өкпелік, яғни сыртқы тыныс алу, ал төртінші ұлпалық ішкі тыныс алу деп аталады.

Өкпедегі газ алмасу негізінде газдардың концентрация айырмашылығы жатады : альвеоларға түскен ауадағы оттегі концентрациясы өкпе капиллярына қарағанда жоғары болады. Сондықтан, оттегі альвеолардан қан тамырлары арқылы қанға өтеді де, эритроциттерге енеді, ол жерде гемоглобинмен байланысқа түсіп, оксигемоглобин түзіледі. Оттегімен қаныққан қан капилляр арқылы мүшелер мен ұлпаларға өтеді. Ұлпалардағы газ алмасу өкпедегі газ алмасу процесіне ұқсас : оттегінің жоғары концентрациясы бар ұлпалардан оттегі концентрациясы төмен ұлпа сұйықтығына өтеді. Осы заңдар бойынша көміртек диоксиді клеткалардан ұлпа сұйықтығы арқылы капиллярларға өтеді. Өкпеге вена қаны түседі, оттегі қайтадан қанға сіңеді, ол СО2 концентрациясы жоғары өкпе капиллярлары жағынан СО2 концентрациясы төмен альвеолдар жағына өтеді.

Қорытындылай келе, кіші қан айналымы арқылы өкпеге веналық қан түседі, бұл жерде ол оттегімен қанығып, көмір қышқыл газынан ажыратылып, артериялық қанға айналады. Көмір қышқыл газы альвеолаға өтіп, дем шығару кезінде ағзадан шығады. Артериялық қан ары қарай үлкен қан айналымы арқылы дене мүшелеріне өтіп, олардың жасушаларын ауамен қамтиды, оны тұтыну барысында жасушалардан көмір қышқыл газы бөлініп шығып, қан қайтадан веналық болады.

Қанның өкпе альвеолаларында ауамен қанығу процессі - Дереккөз: Краткая медицинская энциклопедия, 1-том. Москва - 1990.
Альвеолалардағы газ алмасу - Дереккөз: Краткая медицинская энциклопедия, 1-том. Москва - 1990.

Қолданылған деректер:

  1. Краткая медицинская энциклопедия, 1-том. Москва — 1990. — Википедия.
  2. Оқушылардың қысқаша анықтамалығы. 5-11 сынып. Алматы. Алматыкітап баспасы, 2011.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Scroll Up