Өсімдік ұлпалары

  • Есіңде сақта!
    Ұлпа – құрылысы, шығу тегі және атқаратын қызметі бойынша ұқсас жасушалар тобы. Олардың әрбір типі белгілі бір тарихи кезеңде қалыптасты. Ұлпалар түзілгенге дейін тек төменгі сатыдағы өсімдіктер (балдырлар) мен қарапайым жануарлар (біржасушалылар немесе колония құрып тіршілік ететіндер) тіршілік етті.

Өсімдіктерде ұлпалардың 6 типі: түзуші,­ негізгі, жабын,­ механикалық­ (тірек),­ өткізгіш және бөліп­ шығарушы ­болады

Түзуші ұлпа бірінші болып пайда болады. Тұқым ұрығының жасу- шалары осы ұлпадан тұрады. Ол барлық ұлпалар мен мүшелерді түзеді. Түзуші ұлпаның жасушалары ұсақ, қабықшасы өте жұқа және бір-біріне тығыз орналасқан. Оларда хлоропласт болмайды және көптеген ұсақ ва- куольдерге ие. Түріне қарай түзуші ұлпалар сабақтың, тамырдың негізгі және бүйірлік өстерінің ұштарында, жас жапырақтың негізінде және т.б. кездеседі.

Жабын ұлпа өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап жатады және олар- ды кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Бұл ұлпа өң, тоз, қыртыс деп бөлінеді:

  • Өң жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасқан. Ол – жапырақ, гүлдің, көптеген өсімдік жемісінің, шөптесін өсімдіктің сабағы мен сүректі өсімдіктің жас өркенінің алғашқы жабынды ұлпасы.
  • Тоз – көпжылдық өсімдіктерде болады. Жасушалары алғашында тірі болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, түсі қоңырлау өлі жасушаларға айналады.
  • Қыртыс – ең соңында түзілетін қабат. Ағаш діңінде, бұтақтары мен тамырында жаңа қабаттар пайда болып қыртыс түзіледі. Ол жыл сайын тоздың пайда болған жаңа қабаттарынан қалыңдай береді.

Негізгі ұлпа ірі, негізінен, домалақ пішінді, қабықшасы жұқа, жа- сушааралық кеңістіктері кең жасушалардан тұрады. Атқаратын қызме- тіне байланысты негізгі ұлпалар – фотосинтездеуші, қор жинаушы және т.б. деп бөлінеді:

  • Фотосинтездеуші ұлпа – бұл жапырақтың жасыл жұмсағы, жас өскін және т.б. Олар бағаналы және борпылдақ жасушалар деп бөлінеді.
  • Қор­жинаушы ұлпалар су жинаушы (кактустың сабағында, алоэның жапырағында және т.б.), ауа жинаушы (тұңғиықтың жапырағында) және қор жинаушы қоректік заттарға (жемістер, тамыр жемістер, тұқымдар) бөлінеді.

Өткізгіш ұлпа – су (ағаш сүрегі және трахеидтер) және қоректік заттарды (сүзгілі түтіктер) өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне өткізеді.

Механикалық немесе тірек ұлпасы өсімдікке беріктік қасиет береді. Оның жасушалары тірі (қабық талшығы) немесе өлі (сүрек талшығы) бо- луы мүмкін. Олар әрқашан берік және қатты жасушалық қабырғаға ие. Ешқашан құрамында хлоропласт болмайды.

Бөліп шығарушы ұлпалар алуан түрлі. Жасуша қабықшасы тірі және жұқа күйінде ұзақ сақталады. Оларда түрлі заттар түзіледі. Бөлінген иісті және тәтті заттар тозаңдандыратын жәндіктерді өзіне еліктіреді, ал эфир майлары малға жем болудан сақтайды.

Жануарларда ұлпалардың 4 типі: эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке ұлпалары болады.

Эпителий ұлпасының жасушааралық заттары аз және бір-бірімен тығыз орналасқан. Олардың қалпына келу (регенерация) қабілеті жақсы жетілген. Бұл ұлпа атқаратын қызметіне байланысты төмендегі типтерге бөлінеді (6-сурет).

Жабынды­ эпителий – терінің үстіңгі қабатын, көз, мұрын, ауыз, асқазан қуысы, тікішек және т.б. шырышты қабығын түзеді. Ол көпқабатты (тері, ауыз қуысының шырышты қабығы) немесе бірқабатты (бүйрек өзекшелері) болады. Оның негізгі қызметі – қорғаныш және бүйрек пен ішекте заттарды сіңіру.

Ағзадағы барлық бездер (тер, май, сілекей, бауыр) безді эпителийден түзілген. Оның қызметі биосинтез және түрлі бөлінділерді (сілекей, жас, тер, сөл және т.б.) бөліп шығару. Кірпікшелі немесе тербелмелі ­эпителий кірпікше тәрізді өсінділерге ие. Тыныс жолдарында орналасқан. Олар шаң-тозаң бөлшектерін ұстап қалады.

Дәнекер ұлпалары бір-біріне мүлдем ұқсамайтын бірнеше типтен тұрады. Бірақ олар жалпы шығу тегі бойынша және жасушааралық­ заттарының көп болуымен бір топқа біріктірілген (7-сурет). Жасушааралық заттар қасиетіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, қанда ол сұйық, сүйекте – қатты, шеміршекте серпімді, созылмалы болады. Борпылдақ ­дәнекер ­ұлпасынан теріасты май жасұнығы түзілген. Тығыз­ дәнекер ­ұлпасы – байлам, сіңір, қан тамырлары қабырғасының негізін құрайды.

Бұлшық ет ұлпасы ұзынша келген (талшықтардан) миоциттерден тұрады. Миоциттер өседі, бірақ олар жарақат алған кезде ғана (кесіп алғанда) көбеюге қабілетті. Бұлшық ет ұлпасына тән қасиет – жиырылғыштық. Бұлшық ет ұлпасы 2 топқа бөлінеді: көлденең­ жолақты және бірыңғай­ салалы бұлшық еттер (8-сурет). Қаңқа мен жүректің­ бұлшық­ еттері көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан тұрады. Көлденең жолақты қаңқа бұлшық еті сүйекке бекініп, ағзаны қозғалысқа келтіреді. Жүрек бұлшық етінің жасушалары бір-бірімен өзара бірігіп тұтасып кеткен. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпалары асқазан, тікішек, қуық, ірі қан тамырлар және т.б. іші қуыс мүшелердің адам еркінен тыс жиырылуын қамтамасыз етеді. Оның жасушалары бір ядролы және қажымайды.

 

Жүйке ұлпасы жүйке жасушаларынан түзілген. Одан ми, жұлын және ағзадағы бүкіл жүйелер тұрады. Жүйке ұлпасында жасушалардың 2 түрі бар. Нейрондар – жүйке ұлпасының негізгі жасушалары. Қосалқы жасушалары – нейроглия немесе глия­(серік-жасушалар). Олардың саны едәуір басым. Глиальды жасушалар нейрондарды қоршап, қоректік, қорғаныштық қызмет атқарады.

Әрбір нейрон дене және өсінділерден тұрады (9-сурет). Қысқа тармақталған өсінділер – дендриттер – жүйке импульсін жасуша денесіне өткізеді. Ұзын өсіндісі біреу, оны аксон деп атайды. Ол импульсті жасуша денесінен өткізеді. Дендриттер мен жасушаның денесі мидың сұр­затын, ал аксон ақ­затты түзеді. Жүйке ұлпасының жасушасы көбеймейді, бірақ өсуге және «тармақталуға» қабілетті.

  • Есіңде сақта!
    Өсімдік­ ұлпалары:­ түзуші,­ негізгі,­ жабын,­ тірек,­ өткізгіш,­ бөліп­ шығарушы;­ жануарлардың­ ұлпа­лары:­ эпителий,­ дәнекер,­ бұлшық­ет,­жүйке;­дендриттер,­аксон,­нейроглия.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Scroll Up