Жүйке жүйесінің құрылысы және оның маңызы

Жүйке жүйесінің құрылысы және оның маңызы

6 августа, 2020 Uncategorized 0
  • Есіңде сақта!
    Жүйке жүйесі ағзада болып жатқан барлық процестерді реттейтін және организм мен сыртқы орта арасындағы қатынасты орнататын маңызды жүйелердің бірі.

Жүйке жүйесінің қызметі:

  • мүшелерді үйлесімді реттеп отыру;
  • ағзаның біртұтастығын қамтамасыз ету;
  • ағзаны сыртқы ортамен байланыстыру;
  • психикалық үдерістерді (сезім, оқи білу, есте сақтау, сөйлеу және ойлау белгілеу).

Нейрондар

нейроннның құрылысы

 

Жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан тұрады. Жүйке ұлпасының негізі — нейрондар. Нейрондар жүйке жүйесінде сұр (нейрон денелерінің жиынтығы) және ақ (аксондардың жиынтығы) заттарды құрайды.

Орталық және шеткі жүйке жүйесі

Жүйке жүйесі орналасуына байланысты орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді.

Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады.

Жүйке жүйесінің шеткі бөлігіне (перифериялық) орталық жүйке жүйесінен тарайтын жүйкелер және жүйке түйіндері жатады.  Толып жатқан жүйке түйіндері омыртқа жотасының екі жағын бойлап, тарап жатады. Түйіндер мен жүйкелер орталықтан ақпаратты ішкі мүшелер мен ұлпаларға өткізеді және ішкі мүшелердің күйін орталыққа жеткізіп отырады. Осылайша, шеткі жүйке жүйесінің атқаратын қызметі орталықтан шетке және шеттен орталыққа қозу өткізу болып табылады.

орталық және шеткі жүйке жүйесі

Сомалы және вегетативті жүйке жүйесі

Реттейтін мүшеге қарай жүйке жүйесі сомалы және вегетативті болып бөлінеді. Сомалы жүйке бөлімі қанқа бұлшық еттерінің жұмысын реттейді; адамның еркіне бағынышты. Вегетативті жүйке жүйесі ішкі иүшелердің жұмысын реттейді; адам еркіне бағынышты емес.

Вегетативті жүйке жүйесі  симпатикалық, парасимпатикалық болып бөлінеді. Симпатикалық қанайналым, тыныс алу жүйелерін қоздырады; ағзаның белсенділігін арттырады. Парасимпатикалық асқорыту, зәр шығару жүйелерін қоздырады; ағзаның белсенділігін тежейді.

вегетативті жүйке жүйесі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Scroll Up