Жұмсақденелілер/ Ұлулар типі (моллюскалар)

  • 1. Ұлулардың буылтық құрттардан айырмашылығы неде?
    2. Ұлуларда жаңадан пайда болған қандай мүшелер жүйесі бар?

Ұлулар типі

Ұлулар типі. Дереккөз: ru.wikipedia.org

Ұлулар — Денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. 130 мыңнан астам түрлері кездеседі. Үш класқа жіктеледі: бауыраяқтылар, қосжақтаулылар, басаяқтылар.

  • Мекен ортасы: тұщы, теңіз суы және ылғалды жерлер.
  • Денесі: бас, тұлға, аяқ, бақалшақтан немесе бақалшақ қалдығынан тұрады. Бақалшақ үш қабаттан тұрады — жасыл-қоңыр түсті сыртқы қабат, ақ немесе күңгірт түсті қабат және ең ішкі меруерт қабат. Үш қабатты (эктодерма, мезодерма, энтодерма). Ерекше тері қабатышапанша (мантия) бар. Бүкіл денені қаптайды. Оның үстіңгі бетінде бақалшақ түзіледі. Тұлға мен шапанша арасында шапанша қуысы болады.
  • Қозғалуы: бұлшық етті аяғы арқылы қозғалады.
  • Асқорыту жүйесі күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз тісшелері — үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. Бауыр алғаш осы типте пайда болды. Қорек қарыннан ішектің ортаңғы және соңғы бөлігінен өтеді. Қорытылған ас аналь тесігі арқылы шығады. Қарапайымдар мен плактондармен қоректенеді.
  • Қанайналым жүйесі ашық. Алайда екі (бауыраяқтыларда) немесе үш (қосжақтаулыларда) қуысты  жүрек болады. Жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады. Жүректі жүрек қабы қаптайды. Қан түссіз немемсе көгілдір болады.
  • Тыныс алуы: өкпе немесе шапанша астында орналасқан желбезектер.
  • Зәр шығару жүйесі 1 немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады.Қан құрамындағы улы заттар бүйректен өтіп, сүзінді сыртқа бөлініп шығады.
  •  Көбеюі: қосжынысты да, даражынысты да ұлулар кездеседі. Қосжынысты ұлулар өзін-өзі ұрықтандыра алмайды. Сондықтан ұрықтандыруға өзге дарағы қатысады. Мұны айқаспалы жолмен ұрықтану деп атайды. Жұмыртқадан тікелей жәндіктер дамиды.
  • Жүйке жүйесі жүйке түйіндерінен тұрады. Басаяқтыларда жүйке жүйесі күрделеніп, ми дамиды. Мидың сыртын шеміршек қаптайды.
  • Үш класқа жіктеледі: бауыраяқтылар, қосжақтаулылар, басаяқтылар.

Бауыраяқты ұлулар класы

Бауыраяқтылар типі. Дереккөз: infourok.ru
  • Мекен ортасы: суқоймалары, көл, құрлық.
  • Өкілдері: тоспаұлу (суқойма), жүзім ұлуы (жүзімдік), түйіртек (көл, тоған), жұмырлақ (көл, тоған), шалшық ұлуы (суқойма), жалаңаш шырышты (бақша), қошқармүйіздер (суқойма).
  • Дене құрылысы: Бас (ауыз, көз, қармалауыш), тұлға (шапанша, шапанша қуысы, ішкі дене мүшелері) және аяқ. Дененің үстінде бақалшағы болады.
  • Сезім мүшелері: көздер көру, екі қысқа қармалауыштары сипап сезу, әкті қалталар тепе-теңдік қызметін атқарады.
  • Қорегі: өсімдік.
  • Жүрегі 2 қуысты — жүрекше, қарынша.
  • Зияны: Жалаңаш шырышты, жүзім ұлуы жүзімдіктерге, бақшаларға зиян келтіреді.
Ұлудың ішкі құрылысы. Дереккөз: kopilkaurokov.ru

Қосжақтаулы ұлулар класы

Қосжақтаулылар типі. Дереккөз: infourok.ru
  • Мекені: мұхит, теңіз, тұщы су қоймалары, өзен. 80 мыңға жуық түрлері белгілі. Құрлықта кездеспейді. 20 мыңға жуық түрлері белгілі. 
  • Өкілдері: айқұлақ, мидия, устрица, кемеқұрт, теңіз меруерттері.
  • Дене құрылысы: тұлға мен аяқтан тұрады, басы болмайды. Дене ашылып-жабылатын екі жақты бақалшақтан (жақтаудан) тұратындықтан, қосжақтаулылар деп аталады.
  • Қорегі: планктон, қарапайымдар. Қорегі алдымен шапанша қуысына өтіп, қатты заттардан сүзіліледі.
  • Көбеюі: даражыныстылар. Ұрықтануы іште өтеді. Жұмыртқадан дернәсіл, дернәсілден ересек жәндік өседі (түрленіп даму).
  • Жүрегі 3 қуысты — 2 жүрекше, 1 қарынша.
  • Маңызы/Зияны: Кейбіреулері (мидия, устрица, гребешок) тағам ретінде қолданылады. Бақалшақтарынан түйме жасалады. Ағаштан жасалынған құрылыстар мен кеме түбін тесетін түрлері де бар (кемеқұрт).

Басаяқты ұлулар класы

Басаяқтылар типі. Дереккөз: infourok.ru
  • Мекені: мұхиттар, теңіздер.
  • Өкілдері: кальмар, каракатица, сегізаяқ.
  • Дене құрылысы: ірі, бас пен тұлғадан тұрады, бақалшағы жойылып кеткен. Аяғы басында болғандықтан, басаяқтылар деп аталады. Ауыз төңірегінде 8-10 қармалауыштары болады. Олардың ішкі жағында сақиналанған сорғыштары бар.
  • Хромотофоралары бар, түсін өзгерте алады.
  • Сезім мүшелері: көздері, көздердің астында иіс сезгіш ойықтар, шеміршекті бас сүйекте тепе-теңдік мүшесі, қармалауыштарда дәм сезгіш мүшелері орналасады.
  • Жүрек 3-5 қуысты. құрамында Cu бар гемоцианин молекуласы қанға көгілдір түс береді.
  • Қозғалуы: қармалауыштары арқылы. Каракатица мен кальмар баяу жүру үшін басын алдыға қаратып жүзеді. Шапшаң қозғалу үшін денесінің артқы бөлігімен реактивті қозғалады.
  • Қорегі: балықтар, өзге ұлулар, шаянтәрізділер.
  • Көбеюі: даражыныстылар. Іштей ұрықтанады, тура дамиды.
  • Зәр шығаруы: 2-4 бүйрек арқылы.
  • Маңызы: тағам ретінде қолданылады. Жыртқыштарға қорек болып табылады.

Қолданылған деректер:

  1. Биология: Талапкерге арналған оқулық-тест. Алматы, 2018.
  2. Биология қысқаша анықтама. Алматы, 2013.
  3. Биология 7-сынып. Алматы, 2007.
 
Scroll Up