Жануарлардың негізгі белгілері

  • Жануарлар дегеніміз не?
  • Жануарлардың негізгі белгілері қандай?
  • Жануарлардың өсімдіктерден айырмашылығы қандай ?

Жануарлар — Жер бетіндегі тірі организмдер дүниесінің өсімдіктерден бөлек тобы.

Жер картасында жануарлар

Дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты , сезіне алатын , механикалық қозғалыс атқара алатын организмдер және осы айтылғандар олардың негізгі белгілері болып табылады .

Құрылыстарына қарай екі топқа : 1) бір жасушалы ; 2) көп жасушалы  болып бөлінеді .

Біржасушалы және көпжасушалылар

Ғылыми зерттеулерге сәйкес , олардың жасы 0,8млрд жылдан аспайды . Олардың дамып , жетілуі , эволюциясы – қоршаған орта эволюциясымен тікелек байланысатындықтан , сыртқы өзгеріке бейім келеді .

Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке  жүйесі, сезім және жыныс органдары, тыныс алу, зәр шығару жүйесі жақсы жетілген.

  • Есіңде сақта!
    Дүние жүзінде жануарлардың 17 типі мен 1,6 млн-дай түрі мекен етеді .

Жануарлардың табиғаттағы және адам өмірінде пайдалы болып табылады :

  1. Азықпен қамтиды
  2. Экожүйенің теңдігін қолдайды
  3. Органикалық заттарды ыдыратушылар
  4. Өнеркәсіп шикізатын өндіреді (ет,сүт , май , тері , тб )
  5. Топырақ түзушілер , тозаңдатушылар

Сол үшін де , олардың өнімділігін арттыру , қорын сақтау және тиімді пайдалану маңызды .

  • Есіңде сақта!
    Зоология – жануарлар құрылысын , шығу тарихын , өмір айналымын , жалпы оларды барлық жағынан зерттейтін биология ғылымының бір саласы .

Жануарлардың өсімдіктерден айырмашылығы :

Өсімдіктер мен жануарлар жасушалары айырмашылығы
Scroll Up