Жарықтың дифракциясы

Толқынның түзу сызық бойымен таралудан аутқуын немесе толқындардың толқауылды орағытып өту құбылысын дифракция деп атайды. Жарық дифракциясын 1665 жылы Италия физигі Франческо Мария Гримальди ашты. Тұрмыста тосқауылдың шамасы жарық толқынының ұзындығынан әрқашан үлкен. Сондықтан дифракция толқауылдан алыс қашықтықта байкалады. 

  • Бұл қызықты!
    Ай тұтылған кезде Күннен шығатын жарық Жерді орағытып кетеді. Айдың түсу қызық-қоңыр болып көрінеді. Өйткені осы ұзындықтағы қызыл толқынның жарық сәулелері Жерді орағытып өлді, Ай бетіне интерференцияланады.

Паралель сәулелердің дифракциясы

Лаборатория жағдайында паралель сәулелер алу үшін коллиматор түтікшесін пайдаланады. Жарық көзін линза фокусына орналастырады. Сонда жарық сәулелері жолына тағы бір линза қойылады. Бұл линза сәулелерді екінші линза фокустық жазықтығына орналасқан экранға бір нүктеге жиналады. 

Дереккөз :Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-Ф49 математика бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық /С. Түяқбаев, Ш. Насохова, Б. Кронгарт, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы.

Scroll Up