Жоғарғы жүйке қызметі

  • Есіңде сақта!
    Жоғарғы жүйке қызметінің рефлекстік сипаттамасын бірінші рет 1863 ж. орыс физиологы И.М.Сеченов берді. Сеченовтың жұмысын әрі қарай толықтырып, тәжірибелік түрде зерттеген орыс ғалымы И.П.Павлов

Рефлексжүйке жүйесі әрекетінің негізі. Рефлекстер шығу тегі бойынша шартты және шартсыз болып бөлінеді.

Шартсыз рефлекс туа пайда болатын, тұрақты, тұқым қуалайтын, ішкі және сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен орталық жүйке жүйесінің (үлкен ми сыңарларынан басқа) қатысуымен болатын организмнің реакциясы. Күрделі рефлекстер өту үшін, бірнеше рефлекстер тізбектеле қатысады. Шартсыз рефлекстің мұндай түрін түйсікті сезім (инстинкт) дейді.

Шартты рефлекс организмнің өмір сүру барысында белгілі тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болатын рефлекстер.

Шартсыз

Шартты

  • Туа пайда болған, тұқым қуалайды.
  • Бір түр өкілдерінің барлығына тән.
  • Организмнің барлық тіршілік барысында сақталып, салыстырмалы түрде тұрақты болады. 
  • Әрбір рефлекске арнайы өзіндік тітіркендргіш пайда болады.
  • Рефлекс орталық жұлында, сопақша, ортаңғы және аралық мидың дәрежесінде болады.
  • Мысалы, қоректік, жыныстық, қорғану, бейімделу.
  • Маңызы: тұрақты орта жағдайында өмір сүруге көмектеседі.
  • Тіршілік әрекетінде жүре пайда болатын, тұқым қуаламайтын реакция.
  • Әрбір организмнің тіршілік негізінде пайда болған, яғни жекелей қалыптасқан.
  • Тұрақты емес, белгілі бір жағдайға байланысты пайда болып бекиді немесе өтеді.
  • Тітіркендіргіш қабылдайтын кез келген организмде болуы мүмкін.
  • Рефлекстік орталық бас миының алдыңғы ми сыңарларының қыртысында болады.
  • Мысалы, тамақтың иісіне сілекейдің бөлінуі, жазу жазғандағы нақты қозғалыс. Фортепьяно ойнағанда, пультпен жұмыс істегенде.
  • Маңызы: өзгермелі орта жағдайда бейімделуге көмектеседі.

Қандай да бір жағдайдың адам үшін маңызы оның ішкі қажеттілігі қойған мақсатына қызықтырумен анықталады. Осы жағдайдағы басым қажеттілік адамның бар әрекетін басқарады. Бұл әрекеттің ерекшелігін бірінші рет А.А.Ухтомский ашқан және оны доминантты принцип деп атаған. Бұл принциппен келісе отырып, қажеттіліктің доминантты әрекеті организмнің қойған мақсатына жету үшін барлық энергияны жинап, ұйымдастырады. Ынта (көңіл аудару) ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Еріксіз көңілде организмнің қызықтыратын затына ынта қою үлкен қажырлықты қажет етеді. Ерікті ынта организмнің ойлап қойған мақсатымен байланысты және оған ерікті талап етеді.

Сөз, ойлау, ес

сөз, ойлау, ес

Сыртқы ортамен ағза әртүрлі сигналдық жүйелер алу және жіберу арқылы байланыс жасайды. Сигналдық жүйелер 2 түрлі болады:

  1. Бірінші сигналдық жүйе адамға да, жануарларға да тән. Ол ағзаның нақты тітіркендіргіштерге жауап қайтаруын қамтамасыз етеді. Мысалы, тамаққа байланысты рефлектер.
  2. Екінші реттік жүйеде негізгі шартты сигнал — сөз. Бұл жүйе тек адамға тән.

Сөйлеу — жоғары ми сыңырларының жүйкелік жүйелер қызметінің (қозу, тежелу) арқасында пайда болған екінші реттік жазбаша хабарлау (белгі) , еститін (ауызша), айтатын (дауыс шығаратын немесе ішкі)  түрлердің түзілуі. Сөйлеу ойлаумен тығыз байланысты.

Ойлау — адамның дүниені және сыртқы ортаның құбылыстарын танып-білудегі іс-әрекетінің нәтижесі. Ойлау болмысты қорытындылау және бейнелеумен сипатталатын орталық жүйке жүйесінің қызметіне байланысты болады. Сөйлеу мен ойлаудың негізі — сөз.

Ес — сыртқы әсерлер мен құбылыстар туралы ақпараттарды орталық жүйке жүйесінде сақтап, оларды адамның өмірінде пайдалана алуы үшін қайтадан жаңғырта алатын қабілет. Адамның есі жануарлардан сөз және сөйлеу қасиеттерімен ерекшеленеді. Ес төрт фазаны қамтамасыз етеді: бекіту, сақтау, салыстыру, қайтадан жаңғырту. 

Scroll Up